30 қыр, 2024 сағат 17:29

Қарағандыда футбол жанкүйерлерінің жанжалы атысқа ұласқан

Фото: Видеодан скриншот

"Жеңіс" пен "Астана" командаларының жанкүйерлері арасындағы төбелес Қарағандыда матчтан кейін болды.

"Жеңіс" жанкүйерлерінің бірі "Астана" фанаттарына оқ жаудырды", – делінген интернетте жарияланған видеоның сипаттамасында.


Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне жанжал фактісін растады. Ал атысты бұзақылық әрекеттерді тоқтату үшін күзет агенттігінің қызметкері шығарған.

"Жағдай жедел шешіліп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ", – деп қосты өңірдің полиция департаментінің өкілдері.