Қарағандыда 1 мың шаршы метр аумақта ескі көлік шиналары өртенді. Ашық алаңдағы өртті сөндіруге ТЖД-ның арнайы техникасымен бірге өрт сөндіретін пойыз да жұмылдырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қарағанды облысы ТЖД-сының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«21 қыркүйек күні сағат 19:28-де Карпатская көшесіндегі өрт туралы хабар келіп түсті. Шикізатты қайта өңдеумен айналысатын ЖШС-ның 1 000 шаршы метр аумағында ескі автомобиль дөңгелектері өртенді. Ғимараттар мен тұрғын құрылыстарға қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт ашық алаңда орын алған.
Оқиға орнында 12 бірлік техника, оның ішінде сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна, ТЖД жеке құрамынан 45 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, сыйымдылығы 100 тонна ҚТЖ өрт пойызы жұмыс істеуде», делінген хабарламада.