15 сәу, 2024 сағат 10:22

Қарағандыда белгісіз біреу тұрғынға пышақпен шабуыл жасады


Фото: ru.baku.ws



Қарағандыда полицейлер жергілікті тұрғынға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға 13 сәуірде Қарағандының 15-шағынауданында болған. Онда 43 жастағы ер адам пышақ жарақатымен емдеу мекемесіне жатқызылған. Полиция қылмыстық іс қозғады.


"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады", - деп хабарлады Полиция департаменті.


Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.