27 қаң, 2023 сағат 13:56

Қарағандыда анасы мен қызы өлі табылды: қылмыстық іс жабылды

Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды полициясы Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандардың өлімнің нақты себебін анықтай алмағаны белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесі орман алқабынан табылғаны хабарланған болатын. Анасы мен қызы орманда қанша уақыт жатқаны белгісіз.