#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді

  • 21.01.2021
  • 0
  • 139

Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС-Қарағанды облысы үшін жылу және электр энергиясының негізгі өндірушісі саналатын «Караганда Энергоцентр» ЖШС 2020 жылы қоршаған ортаға 39 мың тонна лас шығарындылар шығарған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі өңірге жұмыс сапары барысында кәсіпорынның ауаны ластауды азайтуға бағытталған шараларымен танысты.

Атап өтейік, Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жыл сайын 3 миллион тоннадан астам көмір жағады. Жылу электр орталықтары атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында 2013-2016 жылдар кезеңінде күлтұтқыш қондырғыларын қайта жаңартқан. Бұл энергия өндірісінің ұлғаюымен атмосфераға шығарындылардың шоғырлануын 76% - ға азайтуға мүмкіндік берді. 2013-2014 жж. кезеңінде Қарағанды ЖЭО-3-те атмосфераға ластаушы заттар шоғырлануының шығарындыларына мониторинг жүргізу үшін нақты уақыт режимінде бақылауға болатын стационарлық газоаналитикалық кешен орнатылды.

Дегенмен ауаға шығарындыларды одан әрі азайта түсу үшін энергоорталық техникалық мүмкіндікті қарастыруы тиіс. Сонымен бірге жаңа күл қазандығы (золоотвал) салынуы керек.

Мағзұм Мырзағалиев жылу электр орталығы шығарындыларды азайту мақсатындағы шараларды үздіксіз жалғастыруды тапырды.

Еске сала кетсек, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысына іссапармен барып, Экологиялық кодексті түсіндіру жөніндегі кеңес өткізген болатын. 

«Кодекстің маңыздылығы оның адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысын реттеу сияқты қоғамның барлық мүдделерін әсер ететіндігінде», - деген болатын Мағзұм Мырзағалиев жергілікті жұртшылықпен кездесуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР