17 шіл, 2020 сағат 13:45

Қарағанды, Шымкент қоймаларынан сұранысқа ие дәрі-дәрмек түрлері табылды

Қарағанды, Шымкент қоймаларынан сұранысқа ие дәрі-дәрмек табылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасат департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жеке жеткізушілердің қоймаларында сұранысқа ие дәрі-дәрмектің үлкен көлемде болу фактілері анықталды. Бұл - дәрі-дәрмектің жасанды жетіспеушілігіне жол ашып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында қоймаларда сатылмаған парацетамол, аспирин дәрілерінің 600 мың қаптамасы анықталды. Мониторинг қорытындысымен олар жедел дәріханаларға жеткізілді», - деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар оның дерегінше, Шымкентте жеке жеткізушілердің қоймаларында эуфилин, аналгин, парацетамол, цефозалин сынды сұранысқа ие препараттар анықталған.

Олар бір апта бойы сертификаты болмағандықтан қоймада жатып қалған.