14 нау, 2017 сағат 09:34

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

"Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысы әкімі болып 2014 жылы 20 маусымда тағайындалған болатын. Бүгін бұл қызметке Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов келді.