Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде денесінің 90 пайызын күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
"Қарқаралы ауданының тағы екі тұрғыны ауруханада жатыр. Олардың денесінің 18 және 28 пайызы күйген. Жағдайы тұрақты", дейді дәрігерлер.