Фото: ашық дереккөз
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының соты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д. Хамзин мен қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К. Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.
Хамзин 1 миллион теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл қаржы Қазынашылық департаментінің ғимаратын жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін алынған. Екі айыпталушы 2,5 миллион теңгені жалған жұмысқа орналастыру арқылы жымқырғаны анықталды.
Сот үкімімен Хамзинге 55 миллион теңге, Қашқынбаевқа 25,4 миллион теңге айыппұл салынды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқаруға тыйым салынды.
Бұл сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
