Қарағанды облысында қызметкерлеріне 15-шілдеге дейін вакцинаның бірінші компонентін, ал 15-тамызға дейін екінші компонентін алуды ұйымдастыруы тиіс ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі жарияланды.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің сәйкес қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 01 шілдедегі № 31 қаулысына сәйкес, жаңа коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың тіркелуіне байланысты, Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ-дің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында бүгін Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің тиісті Қаулысы қабылданды.
Оған сәйкес ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, сондай – ақ кәсіпкерлік субъектілері бірінші компонентпен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде екінші компонентпен профилактикалық вакцинациялау жүргізуді ұйымдастыруы қажет.
Бұдан басқа, COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі:
Қызмет көрсету объектілері (Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызмет көрсету орталықтары, косметологиялық қызметтер, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, Химиялық тазалау қызметтері, кір жуу орындары, фитнес орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, өзге де объектілер) ;
-Тұтыну тауарлары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер көтерме және бөлшек сауда объектілері;
-Мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-бос уақыт ұйымдары);
-Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және басқалар);
-Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және вокзалдардың, өзен және теңіз порттарының, автостанциялардың/автоөтпе жолдардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметі;
-Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың міндеттері;
-Санаторлық-курорттық және сауықтыру объектілері (шипажайлар, үйлер/базалар/демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
-Қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ, стрит-фуд жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің тізбесі;
-Барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);
-Денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың қызметі;
-Дәріхана ұйымдары;
-Коммуналдық шаруашылық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, Үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, кондоминиум объектілерінің басшылары (пәтер иелерінің кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестіктері, жай серіктестіктер және басқалар);
-экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
-демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
- Байланыс және телекоммуникация объектілері;
- Ірі ұйымдасқан ұжымдардың (өнеркәсіптік кәсіпорындардың)құрамы;
-Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, күштік құрылымдардың, мемлекеттік органдардың міндеттері
Бұдан басқа, вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) енгізіледі.
