5 қарашада Қарағанды облысында мониторинг топтары карантин талаптарының бұзылуынга қатысты 11 дерек тіркеді. Нәтижесінде жеті әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
4 ай ішінде - 2020 жылғы 5 шілде мен 5 қараша аралығында мобильді топтар 16 715 рейд жүргізді. Карантин талабын сақтамауға қатысты 1 486 кемшілік анықталды. Жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам 1 065 әкімшілік айыппұл салынды.
«Карантинді бұзудың ең көп саны дүкендерде, сауда орталықтарында және базарларда тіркелді. Бұл санитарлық нормаларды сақтамау, халыққа жеке қорғаныс құралдарынсыз - бетперде мен қолғапсыз қызмет көрсетуі», - деп мәлімдеді Жедел ден қою орталығынында.