08 шіл, 2021 сағат 23:01

Қарағанды облысында бір аптадан бері даланы жайлаған өрт ауыздықталды


Қарағанды облысында 8 шілде күні 50 гектардан астам жерді алып жатқан дала өрттерін санамағанда, басқа ұсақ өрт ошақтары жойылды. Үлкен алаңдарда 5 табиғи өрт ошағы бақылауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қарағанды облысында табиғи өрттердің жағдайы тұрақтанды. 8 шілдедегі жағдай бойынша бес ошақ бақылауда қалып отыр.

Барлық ұсақ дала өрттері жойылды. Ұлытау ауданында, Жангелді, Ақтас, Шеңбер және Амангелді ауылдық округтерінің аумағында ірі ошақтар оқшауланды. 

Жалынды сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының Ортадересін ауылдық округінің аумағында болған өрт ауыздықталды. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1 шілдеде бірнеше дала өрті тіркелген болатын. 

Кейіннен ауданның үш ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды. Өрттен бір адам қаза тапты. 

Жалпы Қарағанды облысында дала өртін сөндіруге 1 мыңға жуық адам жұмылдырылды.