15 шіл, 2021 сағат 12:18

Қарағанды облысында ауыл әкімі сайлауына 268 кандидат түсіп жатыр


Қарағанды облысында 75 ауыл әкімі лауазымына 268 адам үміткер болып отыр. Сайлауға кандидаттарды тіркеу аяқталды. 15 шілдеде үгіт науқаны басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыста ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауына 303 кандидат – 216 өзін-өзі ұсынған және саяси партиялардан 87 кандидат ұсынылды. 

Тексеру нәтижелері бойынша 25 үміткер мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылды. 

Тоғыз адам кандидатураcын өз еркімен алып тастады. 

«Аумақтық сайлау комиссияларымен 268 кандидат тіркелді, олардың 187-сі – өзін-өзі ұсынушылар, 81-і – партия өкілдері. Орташа алғанда, бәсекелестік бір орынға 3,5 адамды құрайды. Сайлау тартысына 5–6 үміткер қатысатын округ бар», – деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясы. 

Тіркелген кандидаттардың ішінде 226 (84%) - ер адам және 42 (16%) - әйел адам. Барлығының жоғары білімі бар. Орташа жасы 40-тан сәл асады. 

Мамандығы бойынша заңгерлер мен экономистер басым. Кей үміткерлердің ауылшаруашылық мамандықтары бар. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 25 шілдеде өтеді. Ол 149 елді мекенде ұйымдастырылады. 75 ауыл әкімін сайлау керек. 

Болашақ ауыл басшысына 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс бере алады. 

Сайлауды өткізуге 164 сайлау комиссиясы – 15 аумақтық және 149 учаскелік комиссия жұмылдырылады.