
Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана жылдың үздік стационары деп танылды. Медициналық мекеме «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша марапатқа ие болды. Дауыс берудің соңғы кезеңі сыйлықтың lubimec.kz ресми сайтында өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жолы сыйлықтың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы медицина қызметкерлері мен еріктілерді ерекше атап өтті. Х. Ж. Мақажанов атындағы аурухананың да жұмысы лайықты бағаланды.
Аурухана пандемия кезінде алғашқылардың бірі болып бар ауыртпалықты көтере білді.
Бүгінде клиникада 1 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 300 медицина қызметкері коронавирус індеті кезінде күндіз-түні вахталық әдіспен жұмыс істеді.
«Бұл біз үшін күтпеген жаңалық болды, мен қатты таңдандым», - дейді аурухана директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев.
Стационар басшысы барлық қазақстандықтарға санитарлық режимді сақтап, бетперде киюді ұмытпай, талаптарға түсіністікпен қарау керектігін ескертеді.

