14 қыр, 2020 сағат 13:39

Қарабатанда қап-қара түтіннің қайдан шығып жатқаны анықталды

Атырау облысының экология департаменті Қарабатан кенті аумағында атмосфералық ауада қара түтін іздері бар ластаушы заттардың шығарылғанын анықтады. Бұл жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, таяуда бірқатар басылымда және әлеуметітк желілерде Қарабатанда ауаға тараған қою қара түтіннің суреті жарияланған еді. 

Осыған байланысты аталмыш департамент қызметкерлері мобильді жылжымалы зертханаға Қарабатан ауданына барды.

«Осы қара түтін Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компаниясының филиалы «Болашақ» МГКДҚ зауытының шырақты қондырғысынан шығып жатқаны анықталды. Сондай-ақ департамент қызметкерлері МГКДҚ зауытының СҚА шекарасының іргелес аумағындағы атмосфералық ауаны өлшеді» делінген хабарламада. 

Осы өнеркәсіптік объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болды. Оның нәтижесі қосымша хабарланады.