Фото: 72.ru
«Қазгидромет» мәліметінше, 3 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде бұрқасын, қар және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы күшейеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан, Жетісу және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-28 м/с. Солтүстігінде және орталығында түнде -3°C дейін аяз болуы ықтимал.
Қызылорда, Ұлытау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жоғары өрт қаупі бар.
Павлодарға облысында қар жауып, көктайғақ болады.
Түркістан облысында таулы аймақтарда жел 15-20 м/с, оңтүстігінде, батысында және шөлді аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
