Павлодар облысының Әдеп жөніндегі кеңесі жауған қарды түсірген әйелді видеоға кешірім сұратқан Құндыкөл ауылдық округінің әкімі Самат Ибраевқа сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тергеуге желіде пайда болған видео себеп болған. Видеода Егіндібұлақ ауылының тұрғыны қазанда жауған қарды видео түсіргені үшін әкімнен кешірім сұрайды.
"Видеода Ибраев әйелге "себепсіз үйіңізді қар басып қалғанын және үйдің есігін аша алмай отырғаныңызды әлеуметтік желілерге жарияламаңыз" деп айтады. Кейін видеода тұрғын әрекеті үшін кешірім сұрайды. Ибраев әдеп кодексін бұзған, сыпайылық танытпай, этикалық кодексті бұзды", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар қаласы бойынша департаментінің бас маманы Азамат Жүнісов.