15 тамызда Қапшағай су қоймасында 6 демалушы құтқарылып, жағаға жеткізілді,деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Олар түнде 9 жергілікті моторлы қайықпен серуенге шыққан, жанармай таусылып қалғандықтан өз бетінше жағаға орала алмаған.
Сондай-ақ 15 тамызда «Золотые пески» демалыс аймағы аумағында Қапшағай су қоймасында патрульдеу кезінде құтқарушылар 1976 жылы туған әйел мен 2008 жылы туған қызды құтқарды, бұлар да жағадан 40 метр қашықтықта болған. Сонымен қатар, құтқарушылар жоғалып кеткен 2015 жылы туған баланы тауып, туыстарына тапсырды.
15 тамызда Балқаш көлінде Сарқан ауданы Лепсі ауылынан 25 шақырым жердегі «Сайран» демалыс аймағында құтқарушылар 2014 жылы туған баланы тапты.
Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 158 адамды, оның ішінде 33 баланы ажалдан аман алып қалды. Ал шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 136 адам құтқарылды. Сонымен қатар, жоғалған 2 саңырауқұлақ жинаушы табылды.
16 тамызда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1962 жылы туған және 1957 жылы туған ер адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізді, олар 14 тамызда саңырауқұлақ теруге шығып, қайтып оралмаған. Іздеу тобы күндіз Жетіқара қаласынан 30 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалып кеткендерді тапты.