#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпарат жалған - әкімдік

  • 15.07.2020
  • 0
  • 187

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпаратты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

««WhatsApp» желісінде «Санитар эпидемиологтар Қапшағай су қоймаларынан: бассейндер, субұрқақтар және бөгендерден анализ алды. Барлығында пневмония таяқшалары табылған...» деген аудиожазба тарады.

Бұл хабарлама – фейк (расталмаған, жалған ақпарат).

«Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясын қоздыратын заттардың бар-жоғын анықтау үшін суды талдауға алмағанын хабарлайды. Коронавирусты анықтау үшін инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікті азаматтардың және профилактикалық мақсатта адамдардың мұрнынан биологиялық материал (анализ) алынады. Сондай-ақ Қапшағай қалалық басқармасы аймақтағы су қоймаларынан жыл сайын мамыр-қыркүйек аралығында тырысқақ вибрионы, А вирустық гепатиті, энтеровирус анықтау үшін талдау алады», - делінген хабарламада.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар