Фото:abai.kz
2022 жылдың 2 қаңтарында сұйытылған газ бағасының кенеттен көтерілуіне байланысты Жаңаөзенде халық жаппай наразылыққа шықты. Жаңаөзендегі наразылыққа қолдау көрсету үшін Қазақстанның басқа аймақтарында халық көшеге шыға бастады. Билік өкілдері "Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы бұрынғы бағасында қалатын болды" десе де, бірақ наразылық басылмады. Халық елдегі қымбатшылық мәселесін айтып, биліктің оставкасын талап етті.
Оқиғалар Қазақстанның бірнеше аймақтарында, соның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан (қазіргі Астана), Шымкент, Семей және басқа қалаларда өтті.
Бәз біреулер Алматыда әкімдікті басып алып, Прокуратура ғимараты, телеарна ғимаратын қиратты, Әуежайды басып алмақ болды. Талдықорғанда жиналғандар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатты. Алматыда сауда орындарын, банктер тоналды.
Қаңтар оқиғасы кезінде көптеген қарапайым халық жапа шекті. Оқиға барысында көптеген адам қаза тауып, жарақат алды, ал мыңдаған адам қамауға алынды. Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде кемінде 225 адам қаза болғанын, 4578 адам зардап шеккенін хабарлады. Жараланғандар арасында 3393 полицей мен солдат бар. Күштік құрылымдардың 19 қызметкері қаза тапқан.
Қаңтар оқиғасының басты себептері: Экономикалық қиындықтар, әлеуметтік теңсіздік, саяси өзгерістер талап ету болды.
Қаңтар оқиғасынан кейін елде бірқатар реформалар болып, оның ішінде президенттің өкілеттілігін шектеу, Парламенттің рөлін күшейту, және әділетті экономика құру туралы айтыла бастады.
Жаңа саяси бағыт "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" ұранымен ұсынылды. "Жаңа Қазақстан" концепциясы аясында саяси, әлеуметтік, және экономикалық өзгерістер басталатыны айтыла бастады.