28 шіл, 2021 сағат 20:33

Қанша қазақстандық вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырды?


ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырса да, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта вакцинациядан кейін 6 420 адам ауырып қалған. 

Оның ішінде «Спутник» алған 5 511 адам, «Hayat Vax» - 665, «QazVac» - 113 және «CoronaVac» салдырған 124 адам бар. 

«Айта кетейік, мұнда әлі де вакцина алғандардың үлесі өте аз: екпе салдырған 5,2 миллион адамның 0,1% ғана ауырып қалған. Бұл вакцинаның тиімді әсер ететінін, яғни аурудан қорғайтынын көрсетеді. Және вакциналаудың дельта-штаммнан да қорғай алатынын көрсетеді», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде журналистер сұрағына берген жауабында.