«Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Жасұлан Бүлдеш пен партиясының сенімді өкілі Жасұлан Әбдіхалық облыс орталығындағы «Қайқармет» базарында үгіт-насихат жүргізді.
Шара барысында сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Оның ішінде тұрғындарды тұрғын үймен қамту бағыты мен әлеуметтік саланы дамыту бағыттары жан-жақты сөз болды.
– Облыс тұрғындарының жайлы тұруы үшін «Nur Otan» партиясы халықты су бұрумен, жылумен және көшелер мен аулаларды абаттандырумен қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болады. Өз кезегінде бұл үшін «Nur Otan» партиясы Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартуға, Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы орталық қазандықты қайта құруға, 2025 жылға 1,1 мыңнан астам көп қабатты үйлерді қамтитын 510 ауланың аумағын абаттандыруға, «Жасыл экономика» шеңберінде 2022 жылы жалпы қуаты 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша тағы 4 жоба аяқтауға ықпал етеді.Қабылданған шаралар 3 мың облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады, – деді үміткерлер.
Кездесу барысында кандидаттар сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, олар көтерген бірқатар әлеуметтік мәселелердің «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылғаны айтылды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.