18 ақп, 2017 сағат 07:27

Қанат Ислам - Робсон Ассист жекпе-жегінің толық видеосы

Бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өткен бокс кешінде отандасымыз, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне жетті.

Ол бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді.

32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол өзі өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Осы кездесуі Исламның АҚШ жерінде өткізген төртінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан.

Ал 38 жастағы Ассис болса, 2006 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, қазіргі уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 кездесу қатысқан. Оның 16 кездесуінде жеңіске жеткен.