22 сәу, 2022 сағат 11:21

Кәмелетке толмаған қызға тиіскен елордалық 10 күнге қамауға алынды


Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйдің кіре берісінде кәмелетке толмаған қызға тиіскен күдікті ұсталып, қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. 

«Кәмелекет толмаған қызға қол жүгірткен астаналық 10 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін «102» каналына астана тұрғынынан кешкі уақытта тұрғын үйдің кіре берісінде оның 16 жастағы қызына бейтаныс ер адам тиіскенін хабарлаған болатын», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.

Іздестіру шарасының кезінде 20 жастағы студент ұсталған болатын.

«Заңбұзушының үстінен айналадағы адамдарға құрметсіздік көрсетіп, мазасын алу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бүгін күдікті Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 10 тәулікке қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынғандарды қабыладуға арналған орынға жіберілді», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.