Фото: Pexels.com
Оқиға 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде болған. Күдікті жауапкершіліктен қорқып, таныстарымен бірлесіп кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен. Сыбайластардың бірі (бұрын адам өлтіргені үшін сотталған тұлға) жәбірленушіні тұншықтырып өлтірген, денесін далаға көмген.
15 жыл халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түрлері бойынша сотталды.
Қыркүйекте ол РФ Краснодар өлкесінде ұсталып, Бас прокуратура сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір Петропавлдағы тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыскерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.