19 қаз, 2020 сағат 11:32

Камалжан Надыров қызметінен кетті

Камалжан Надыров Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Камалжан Надыров биыл маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Ол өзінің жеке өтініші бойынша бұл қызметтен босатылды», - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Оның орнына басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Жанар Мадеева тағайындалды.