Бүгін Мақтаарал аудандық комитетке қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аудандық кәсіподақ басшысы Қасымбек Хаметовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас Келісімді талқыланған.
«Бүгінгі таңда кәсіподақ филиалының атқарып жатқан жұмыстары баршаңызға белгілі деп ойлаймын. Соның аясында «Қызмет» Салалық кәсіподағының басқа салалық кәсіподақтарға қарағанда жауапкершілігі ауыр екенін де түсінеміз. Не дегенмен де, бүгінде әлемді шарлаған пандемияның таралуына байланысты санитарлық шараларды барынша қатаң сақтауды және мекемелерде қадағалауды тапсырамын. Барлық талаптар орындала отырып, жұмыстар жүре беруі керек», - деді аудандық кәсіподақ басшысы Қасымбек Хаметов.
Аудандық кәсіподақ басшысының айтуынша, бүгінгі таңда республика аумағында жүріп жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аталған ауданда да өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін кәсіподақ мүшелері енді жұмысын бастаған ұйымдардың ұйымдастыру жұмыстарына көмек қолын созып, алдағы уақытта аяққа тік тұрып кетуіне атсалысып жатыр.
Естеріңізге болса, бүкіл кәсіподақ қозғалысының тірегі болып табылатын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін арттыру, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялаған болатын. Осы «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» аясында «Ұалың қалай, бастауыш ұйым?» атты акция жүріп жатыр.
Бұл туралы Мақтаарал аудандық кәсіподақ басшысы Қасымбек Хаметов бүгінгі жиында осы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас Келісімді талқылағанын атап өтті.
«Кәсіподақтардың да жұмысы оңай емес. Дегенмен, республика бойынша жарияланған байқауларға міндетті түрде қатысу керек, өйткені байқаулар мен акциялар мол тәжірибе беретіні сөзсіз. Осы орайда айтқысм келгені, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін байқау-конкурстарға «Халық бюджеті», «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы», «Еңбек елдің — мұраты» арнайы жобасының аясында «Еңбек жолы» байқау-конкурстарына белсенді қатысу керектігін түсіндіріп, кәсіподақ жұмысынан шет қалмауды тапсыру керек», - деді аудандық кәсіподақ басшысы Қасымбек Хаметов.
Сонымен қатар, ол барлық Мақтаарал аудандық кәсіподақ мүшелерін Көктем мерекесі — Наурыз мерекесімен құттықтап, «Наурыз» сенбілігін өткізуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Мақтаарал аудандық комитетке қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялаған болатын. Осы «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» аясында «Ұалың қалай, бастауыш ұйым?» атты акция жүріп жатқанына байланысты, аудандағы ұйымдардың да жұмыстары қызу талқыға түсті.