21 нау, 2020 сағат 14:56

Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар тегін таратылуы тиіс - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлі күнге дейін бізде жеткілікті көлемде бетперде жоқ екендігін айтқым келеді. Дегенмен, қағаз жүзінде бәрі де жеткілікті сияқты, сіздер маған солай баяндадыңыздар. Екінші жағынан алып қарағанда, адамдар дәріханаларда әлі күнге дейін осынау бетперделердің тапшы екендігіне шағымдану үстінде. Неліктен? Меніңше, бұл алыпсатарлық. Үкімет белсенді шаралар қабылдап жатқанымен біз қалаларымыздың негізгі көшелерінде мұндай бетперделерді азаматтарымызға тегін тарататындай жағдай жасаумыз керек. Бұл Үкімет алдында тұрған жедел әрі шұғыл шара саналады», - деді Мемлекет басшысы.