12 қаз, 2021 сағат 10:33

Қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады - Сағынтаев


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қабылданған жүйелі шаралар мен халықты вакциналаудың арқасында дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 169-дан 134,6-ға дейін төмендеді. Жыл басынан 10 қазанға дейінгі кезеңде 154,7 мың КВИ жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте вирус 326 адамнан анықталды. Өткен аптада жұқтыру индексі 0,94-тен 0,89-ға дейін төмендеді», - деді әкім.

Қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша Алматы халқының иммундық қабаты шамамен 53 пайыз болды. Халықтың ресми санының 45%-ы жыл басынан бері ауырғандардың +7,7%-ы екі компонентпен егілді. Бұл ретте вакцинаның тиімділігі байқалады. 

Биылғы жылдың 10 қазанына дейінгі уақытта вакцинаның екі компонентін 892 482 адам алды. Оның ішінде 2 717 тұрғын ауырды, яғни барлығы 0,3%. Ауырғандардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде соңғы 2 аптада 20-39 жас аралығындағы неғұрлым белсенді азаматтар арасында сырқаттану 1,6% -ға, 40-59 жас аралығында – 1,3%-ға, 60 жастан жоғары - 0,7%-ға өсуі байқалады. 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің сырқаттануы тиісінше 0,9%-ға және 0,6%-ға төмендеді. Соңғы 7 күнде ауру өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар есебінен қалыптасты – 27%, зейнеткерлер – 24% (1%-ға өсті), кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлері – 22% (1%-ға өсті), оқушылар-12,3% (3%-ға төмендеді) және мектеп жасына дейінгі балалар – 4,3% (0,9%-ға төмендеді). Оффлайн оқудағы оқушылардың науқастануы онлайн оқуға қарағанда 10 есе төмен. 

Жұқтырудың нақтылы анықталған орындары бойынша алдыңғымен салыстырғанда соңғы аптада туыстармен, көршілермен және таныстармен байланыс кезінде 0,4% және 0,7%-ға төмендеуі жалғасуда. Жұқтырудың ықтимал орындары бойынша базарларда – 2,8%-ға, азық-түлік сауда желілерінде, супер-гипермаркеттерде – 0,7%-ға, азық-түлік емес дүкендерде – 0,6%-ға, қоғамдық көлікте – 1,8%-ға, отбасылық іс-шараларды өткізу кезінде – 0,4%-ға өсу байқалады. Өткен аптаның қорытындысы бойынша басты жұқтыру орындары сауда объектілері – 34%, қоғамдық көлік – 20%, отбасылардағы байланыстар – 16%, базарлар – 13%. 

Жедел штаб отырысы барысында Бақытжан Сағынтаев вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, білім беру нысандарындағы эпидемиологиялық ахуалға мониторингті жалғастыруды, шектеу шараларының сақталуын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасына тұмау мен вакцинация күнтізбесіне кіретін ауруларға қарсы вакциналауды жалғастыру тапсырылды.