28 қыр, 2016 сағат 09:36

Израильдің экс-президенті Шимон Перес көз жұмды

Бүгін, 28 қыркүйекте, Тель-Авивте 94 жасқа қараған шағында Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес қайтыс болды, деп хабарлайды Reuters Израиль үкіметінің ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, суыт хабарды саясаткер соңғы екі апта бойы қаралып жатқан «Шиба» медициналық орталығының дәрігерлері жеткізген. Экс-президенттің қазасын оның отбасы да растап отыр.

Перестің қазасына байланысты Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Барак Обама көңіл айтып үлгерді.

Шимон Перес Тель-Авив маңындағы ауруханаға 13 қыркүйекте «инсульт» диагнозымен түскен. Кеше саясаткердің жағдайы күрт нашарлап, бүйрегі жұмыс істемей қалыпты.

Ол 1984 пен 1986 жылдар аралығындағы және 1995 пен 1996 жылдар аралығындағы Израильдің тоғызыншы және он екінші премьер-министрі әрі 2007 мен 2014 жылдар аралығындағы президенті. Саяси мансабы 70 жылға созылған Израиль саясатының ең қарт ақсақалы.

1994 жылы Ясир Арафат және Ицхак Рабинмен бірге әлем Нобель сыйлығының иегері.

baq.kz