02 қыр, 2020 сағат 14:04

Израильден жеткізілген сәлемдеме елордадағы елшілік қызметкерлерін әбігерге салды

Тель-Авив қаласынан жеткізілген күмәнді сәлемдеме елордадағы Израиль елшілігінің қызметкерлерін әбігерге салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Пошта арқылы күмәнді белгілері бар екі қапшықтың жеткізілуі фактісі бойынша Израиль Елшілігінен тиісті хабарлама келіп түсті. Аталған сәлемдеме Алматы арқылы Тель-Авив қаласынан жеткізілгені анықталды», - делінген елорда Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Елшілік орналасқан «Азия» бизнес орталығын қоршауға алды. Ол жерге Полиция департаментінің тергеу тобы, кинологтар мен қалалық тиісті қызметтер тартылды. Мамандар ғимарат пен сол маңайдағы аумақты тексеріп шықты. 

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері қапшықтарда қауіпті заттар жоқ екенін анықтады, оған тек жеке заттар салынған», - делінген хабарламада.