28 жел, 2019 сағат 17:30

Израиль СІМ спикері Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Израиль Сыртқы істер министрлігіндегілер 27 желтоқсанда Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды cursorinfo.co.il сайты.

«Израиль мемлекеті Қазақстан халқына Алматы қаласының маңында Bek Air Flight Z92100 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Зардап шеккендердің жылдам сауығып кетуін тілейміз», - деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасында Израиль Сыртқы істер министрлігінің спикері Лиор Хаят.

«Айта кетейік, Қазақстанда 27 желтоқсан күні азаңда ұшақ апатқа ұшырап, соның салдарынан 12 адам мерт болды. Апаттан мерт болғандардың ішінде 2 Украина азаматы, Қытай, Қырғызстан мен Қазақстанның азаматтары болған. Апаттың салдарынан 60-қа жуық адам зардап шекті. Қазақстанда аза тұту күні жарияланды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті .

Кейін 93 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты .

Қайғылы оқиғаға байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.