Түркия кеше Измир қаласында болған лаңкестік шабуылды талқылап жатқанда, АК партия (Үкімет басындағы партия) түн жарымында Мәжіліс отырысына үлкен дау туғызатын жоба ұсынды деп хабарлайды haberdar.com.
АКП түн жарымында Түркия Республикасы Жоғары Мәжілісіне бір заң жобасын ұсынды. АКП депутаттарының қолы қойылып, Мәжіліске ұсынылған заң жобасы бойынша: Кызыл ай, Йешил ай, Дарулажезе, Дарушшафака және Түрік әуе жолдарына берілетін мемлекетке қатысты жылжымайтын мүліктер аталмыш мекемелер тарапынан өзіндік құнының жарты бағасына сатылатын болады. Заң жобасы «Мекемелердің мал-мүлкі «ТУРГЕВ» және «Ансар» секілді қорларға сатыла ма?» деген сұрақ туғызды.
Түркия халқы Измир қаласындағы лаңкестік шабуылды талқылап жатқан уақытта Мәжіліске ұсынылған заң жобасына қарсылық білдірген Республикалық халық партия (оппозициялық партия) депутаты Энгин Алтай «Оян, Түркия! Түн жарымындағы қаулымен Ансарға және ТУРГЕВ-ке мемлекет мүлкі аударылайын деп жатыр» деп жар салды.
Аталмыш заң жобасына қатысты РХП депутаты Гулай Йедекчи де мәлімдеме жасады. Ол «Тағы да АКП түн жарымындағы қаулымен келді. Қорлар мемлекеттің мүлкін өзіндік құнының жарты бағасына сататын болады» деді. «Аңсар» және «Тургев» қорлары ел президенті Режеп Тайп Ердоғанның ұлы Біләл Ердоғанға тиесілі. Измир секілді қалада террорлық акті орын алып жатқанда АКП секілді ел билеуші партияның мұндай әрекеті ойлантарлық.