Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын.
Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.