09 қаз, 2021 сағат 18:55

"Иттен қорыққан": Алматы облысында жүк көлігі оқушыны қағып кетті


Алматы облысында Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі сегіз жасар оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға орнынан суреттер пайда болды.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болғанын мәлімдеді. Isuzu жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, баланы қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. 

"Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды",- делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.