27 там, 2021 сағат 13:45

Ішкі істер қызметкерлері ауылдарды аралап, халықты сабырға шақырды – Байзақ ауданы тұрғыны


Байзақ ауданында орын алған апатқа қатысты Ботамойнақ ауылының тұрғыны пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Мен Ботамойнақ ауылды округінің тұрғынымын. Ауылдағы түнде болған жағдай кезінде құқық қорғау саласы қызметкерлері ауыл халқын эвакуациялады. Ешқандай шығын болған жоқ. Дүрбелеңге жол берілген жоқ. Ішкі істер қызметкерлері әр көшелерді, ауылдарды аралап, халықты сабырға шақырып, қызметтерін атқарып жүр, - Ботамойнақтың тұрғыны.

Ол өз сөзінде апат болған уақытта ауыл тұрғындары арасында ешқандай қылмыс, тонау болмағанын атап өтті.

 

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Апат салдарынан қазіргі уақытқа дейін белгілі болғандай 9 әскери қызметші қаза тапқан.