09 жел, 2016 сағат 14:07

Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді

Астана әкімі Әсет Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әр апта сайын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі штабтың кезекті отырысында Әсет Исекешевке EXPO-2017 көрмесінің жаңа логотипі таныстырылды. Сонымен қатар, отырыста еріктілерді тарту бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Жалпы қала басшысы әрбір қатысушыны өзі тыңдап, қажет болса, тапсырма береді және барлық тапсырмаларды егжей-тегжей пысықтауды жүктеді.

Отырыс шеңберінде көліктік қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, мәдени-бұқаралық шаралар күнтізбесі сияқты мәселелер талқыланғаны хабарланып отыр. "Штаб көрме барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Сол себепті әр апта сайын жиынға қаланың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар шақырылады. Көрме қонақтарына жайлы жағдай жасау тақырыбы да қозғалды. Оларды елордада орналастыру және қала ішімен жүруіне қатысты бағыттар әзірленді", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.