04 қар, 2024 сағат 12:04

Иранда студент қыз хиджабты дұрыс кимегені үшін қудаланғаннан кейін, қарсылық ретінде шешініп тастаған

Куәгерлердің айтуынша, Тегерандағы беделді Ғылым және зерттеулер университетінде "Басидж" ұйымының (қоғамға мемлекеттік бақылау жүргізумен айналысатын жасақ) мүшелері қыздың киімін бүлдіріп, хиджаб кию талабын бұзғаны үшін сөгіс берген. 

Осыдан кейін қыз қарсылық белгісі ретінде шешініп тастауға шешім қабылдаған. Университеттің қоғаммен байланыс жөніндегі бас директоры Амир Махджуб: "Студенттің орынсыз әрекетінен кейін кампус күзеті араласып, оны құқық қорғау органдарына тапсырды", - деп жазды. Сондай-ақ, ол қыздың "психикалық ауытқуы бар" деп мәлімдеді.

Amir Kabir Newsletter студенттер тобы студенттің орамал тақпағаны үшін шабуылға ұшырап, қауіпсіздік қызметкерлері киімін жыртып жібергеннен кейін шешінгенін хабарлады. Сондай-ақ қамау кезінде студентке физикалық зорлық көрсетілгенін – оның басын көлік есігіне соғып, қатты қан ағуына себеп болғанын атап өтті.

Қазіргі кезде оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.