16 қыр, 2019 сағат 16:47

Иран Парсы шығанағында контрабандалық жағармай тасымалдаған кемені ұстады

Иранның шекарашылары Біріккен Араб Әмірліктеріне бара жатқан кемені контрабандалық жанар-жағармай тасымалдады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Fars агенттігіне сілтеме жасап.

Парсы шығанағында ұсталған кеме Иранның оңтүстігінде орналасқан Хормозган провинциясына бара жатқан. Кеме бортында 250 мың литр контрабандалық жанар-жағармай болған.

Кеме Үлкен Танб аралынан ондаған шақырым жерде ұсталды. Бортындағы 11 адамнан құралған команда тұтқындалып, сот органдарына тапсырылды.