04 сәу, 2021 сағат 09:41

Иорданияда қастандық жасау әрекеті тоқтатылды

Иордания қауіпсіздік қызметі қауіпсіздік мақсатында бірнеше жоғары лауазымды тұлғаны қамауға алды, деп хабарлайды Petra агенттігі.

3 сәуір күні Иордания билігі кей адамдарды «қауіпсіздік мақсатында» қамауға алды. 

Оның ішінде II Абдалла корольдің сенімді өкілі Бассем Авадаллах және корольдің бұрынғы елшісі Хасан бин Зайд бар.

The Washington Post газетінің хабарлауынша, ықтимал қастандық әрекетін тергеу барысында марқұм Король Хусейннің үлкен ұлы ханзада Хамза бен Хусейнге Аммандағы сарайында қалуға бұйрық берілді.

Petra агенттігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында ханзада Хамза бен Хусейннің үй қамауында екендігі жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Армия штабының бастығы генерал Юсеф Хунейти де ханзада Хамзаның тұтқындалмағанын, тергеудің әлі де жалғасып жатқанын және нәтижесі «ашық әрі түсінікті түрде» жария болатынын айтты.