Фото: видеодан скриншот
Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Видеоны жариялаған ресми парақша жазбасында Қазақстанның кең даласы туралы жазылған.
"Frolicking in the fields of Kazakhstan (Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін)".
Instagram-ның ресми парақшасының 696 миллион жазылушысы бар. Олардың қатарында Цукерберг пен басқа да танымал тұлғалар бар. Қазақстанның ғажайып табиғаты бейнеленген ролик 37.5 миллионнан астам қаралым жинады.
Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахим — Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген саяхатшы-блогер. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ Алматы облысының көрікті жерлерінен түсірілген бейнежазбалар да бар.
