21 шіл, 2025 сағат 11:45

Индонезияда 280 жолаушы мінген паром өртеніп кетті

Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясы жағалауында шамамен 280 жолаушы мінген паром өртенді. Оқиға 20 шілде күні түскі сағат 13:30 шамасында болған, деп хабарлайды Ult.kz.

The Sun басылымының хабарлауынша, кемінде 5 адам қаза тапқан. Сонымен қатар 150-ге жуық адам құтқарылған.

Қазіргі уақытта жолаушылардың нақты саны мен толық тізімі ресми түрде жарияланған жоқ.