24 қаз, 2021 сағат 10:10

Індет тағы 34 қазақстандықтың өмірін жалмады



Өткен тәулікте 34 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.


Оның алтауы коронавирустық пневмониядан, 28 адам коронавирустан қайтыс болған.


23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (44 687 коронавирустан және 6 182 пневмониялан) емделуде, олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


Індетке шалдыққандардың арасында:


  • 631 адамның жағдайы ауыр,
  • 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 107 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.