10 сәу, 2021 сағат 14:18

Imanbek, Sean Paul және Sofia Reyes жаңа трек шығарды

Imanbek Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірге жаңа трек шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Грэмми" сыйлығының иегері, қазақстандық музыкант Imanbek Зейкенов Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірлескен жаңа синглін шығарды.

Бұған дейін Imanbek ресейлік Forbes және "По студиям" YouTube-арнасына сұхбат берген болатын. Оның Roses (SAINt JHN) әніне ремиксі "Грэмми" (Grammy) сыйлығын жеңіп алды. Кейін қазақстандық диджей "Вечерний Ургант" бағдарламасында қонақ болып, өзі және жоспары туралы айтып берді. 

Иманбек танымал болғанға дейін Павлодар облысында (Ақсу) теміржолшы қызметінде жұмыс істеген. Музыканың жаңа қырын өзі үйренген. Айтуынша, ол теміржолдан баяғыда кеткен және қазір шығармашылықпен айналысады.