05 нау, 2021 сағат 13:15

Илон Маск қор сауда-саттығының қорытындысы бойынша $6,2 млрд жоғалтты

Бейсенбі күні АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындылары бойынша америкалық кәсіпкер Илон Маск өзіне тиесілі Tesla компаниясының акциялары 5%-ға төмендегендіктен, жиынтық құны 6,2 млрд доллар активінен айырылды, деп хабарлайды Forbes журналы.

Басылымның мәліметінше, кәсіпкердің жағдайы $150,9 млрд-қа дейін төмендеген, сауда сессиясының қорытындысы бойынша Tesla акциялары $32,25 (4,94%), $620 дейін арзандаған. 

Forbes құраған әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде Маск үшінші орында. Бұл көрсеткіш америкалық Amazon корпорациясының басшысы (Джефф Безос ($175,4 млрд) және француздық LouisVuitton Moet Hennessy компаниялар тобының бас директоры Бернар Арноданнан ($155,6 млрд) төмен.

Bloomberg агенттігі Маск активтерінің жалпы құнын 160 миллиард доллардан астамға бағалайды. Агенттік құрған әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде Маск екінші орында. Қазір одан тек Безос алда тұр.