Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск X әлеуметтік желісінде адам тәрізді Optimus роботтың қол-аяғын қозғап, би билеп жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Tesla-ның роботтар бағдарламасының жетекшісі Милан Ковачтың айтуынша, бұл робот нығайтылған оқыту (reinforcement learning, RL) әдісі арқылы үйренген. Бұл – автономды агенттердің шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған машиналық оқыту түрі екені айтылды.
Сонымен қатар видеодағы тросс – роботты құлап кетуден сақтандыру үшін қолданылғаны түсіндірілді.