Іле-Алатау ұлттық паркінің Ақсай филиалы Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 қыркүйек 13.30 шамасында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бақылаушы ұшқышы Қаскелең орманшылығы 12 орамының 6 телімінде орман өртін анықтады.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмысына:
- Ұлттық парктен: 60 адам, 10 техника, 1 арнайы өрт сөндіру машинасы, 4 атты адам және 3 мотоцикл;
- «Қазавиаорманқорғау» РМҚК суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы;
- Алматы облысының ТЖД-дан 25 адам, ТЖМ №28237 азаматтық қорғаныс бөлімінен 50 адам (полк), 9 техника, оның ішінде 1 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің алдын ала аумағы - 5 гектар деп болжанып отыр. Оның ішінде 2 га орманмен көмкерілген.
28 қыркүйекте МИ-8 тікұшағы 4 рет су шашты.
Сондай-ақ, П1-00 сыртқы аспалы қондырғысынан стационарлық ыдысы бар су жеткізілді.
Орман өрті ор қазу және арнайы құрылғымен сөндіріліп жатыр.
Орман өртінің түрі төменгі, тұрақты, орташа. Қазіргі уақытта жану ошағы жоқ.