22 қар, 2024 сағат 13:48

ІІМ: Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс анықталды


Коллаж: Halyq Uni

Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс анықталды, 70 адам сотталды, деп хабарлайды ULT.KZ. 

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Департаменті басқарма бастығының орынбасары Шынар Көшербаева айтты:

"Былтыр 150 қылмыс қозғалған, ал соңғы 10 айда 197 қылмыс тіркеліп отыр. Бұл заңда қылмыстың жаңа құрамы қосылғанын есепке алғандағы жағдай. Олар сексуалды сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету мақсатындағы жеңгетайлық пен притондар ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ адамдарды сексуалды сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тартқаны үшін, кәмелетке толмағанын біліп, сексуалдық сипаттағы қызметтер алғаны үшін жауапкершілік енгізілді", дейді Ш. Көшербаева .