ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылған жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы О.Кексельге қатысты тергеу амалдарының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамайды. Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр», - дейді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін бұрынғы Бас прокурор, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді.
Ал бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндіріп берген болатын.