20 қыр, 2016 сағат 07:30

IIМ: 35 мың адамның екi және одан да көп қаруы бар

Елiмiзде бiр қолға берiлетiн аңшылық қаруын 10-нан 4-ке дейiн шектеу ұсынылып отыр. ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, Қазақстан бүгiнде терроризммен бетпе-бет келiп отырғандықтан, қауiпсiздiк үшiн сындай шектеу енгiзу қажет. Бұл туралы ол бүгiн Мәжiлiсте "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобынының екiншi отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

"Бiз ойық ұзын оқпанды азаматтық қаруға шектеудi қайта енгiзудi ұсынып отырмыз. Өйткенi осы қаруды ұрлау, тиiстi жағдайда сақтамау фактiлерi бар. Бұрын елiмiзде жағдай қалыпты болғанда, мұндай әңгiме болған жоқ. Ал қазiр бiз терроризммен бетпе-бет келiп отырмыз", - дейдi Р.Жақыпов.

Сондықтан, оның айтуынша, мемлекет заңсыз айналымға қосымша қару түсiп кетпеуiн бақылауы қажет.

"Террористер бiр үйден 1-2 немесе 10 қару ұрлай ма - айырмашылық үлкен. Яғни, қылмыскерлер үйде 10 қару бар екенiн бiлетiн болса, шабуыл жасайды да, сөйтiп, 10 адам бiр мезетте қаруланып шыға келедi. Сондықтан бiз бұл шектеудi жайдан-жай енгiзiп жатқан жоқпыз, қауiпсiздiк үшiн керек", - деп отыр вице-министр.

Бүгiнде елiмiзде 210 мыңға жуық адам қару ұстау құқығына ие. Ал 35 мың адамның екi және екiден көп қаруы бар.

"Сонда бiзге осы 35 мың адамның ба, әлде бүкiл қоғамның мүддесi қымбат па?! Бiз адамдардың қару сатып алуына қарсы емеспiз. Бiрақ нелiктен оған екеу емес, он қарудың қажет болғанын дәлелдеңiздер. Әрине, аңшылықтың түр-түрi бар екенiн түсiнемiн. Бұл ретте адам қандай аңшылықпен айналысатынын таңдасын. Бiз бұл шектеудi Қазақстанда терроризм болмағанда енгiзбер едiк. Болашақта заңсыз қару иеленудiң барлық мүмкiндiктерiнiң жолын кескенiмiз жөн. Бұл орайда бiз атыс қаруын иелену бойынша адамдардың құқығын шектеп отырғанымыз жоқ. Бiрақ, менiң ойымша, бiр қолға 4 қару жеткiлiктi", - дедi вице-министр.

Айта кетейiк, қазiр Мәжiлiсте "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. Бүгiн жұмыс тобының екiншi отырысы өттi. Заң жобасын талқылауға үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, сарапшылар белсендi атсалысуда. Парламент елiмiз үшiн аса маңызды осы заңды қабылдарда барлық ұсыныстар мен түзетулердi ескередi. Бұл Президенттiң тапсырмасы.

Аталған заң жобасында экстремистік және террористік қылмыстар үшін жазалау шараларын күшейту, қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есіткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізу, атуға дайын тұрған қару-жарақ сатуға тыйым салу, қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттары бар нысандарын күзететін ұйымдарға ерекше талатар белгілеу, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, соның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субьектілерді мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін қолға алу, экстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердің іс-әрекеттеріне тыйым салу, күзет құрылымдарының және террористік қауіп тұрғысынан дұрыс күзекте алынбаған нысан иелерінің терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтамағаны үшін, сондай-ақ арнайы теxникалық құралдардың жарамсыздығы үшін әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, жеке тұлғаларды тіркеу тәртібін бұзған адамдар үшін кейбір мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беруді шектеу, елді мекендерде өмір сүрудің санитарлық нормаларын белгілеу, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда шетелдіктерді елден шығару үшін негіздемелерді нақтылауға бағытталған түзетулерді бірқатар заңнамалық актілерге енгізу шаралары қарастырылған.